ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ

Жобалау кезеңдерінен кейін біздің компания жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға дайын.

Монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары, күрделі жөндеу және қайта құру:

  • технологиялық жабдықтар мен құбыржолдар, қысыммен жұмыс істейтін сауыттар, бу мен ыстық су құбыржолдары;
  • инженерлік желілер мен жүйелердің құрылысы;
  • өнеркәсіптік желдету жүйелері;
  • бетон, темір-бетон және болат конструкциялар
  • өндірістік кәсіпорындар мен жылу желілерін жөндеу, жер асты коммуникацияларын салу.

НЕГЕ БІЗБЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТИІМДІ?

  • Мерзімді қатаң ұстану. Біз іс-әрекетімізді шебер үйлестірудің арқасында мерзімдерді сақтаймыз. Жұмысты кезеңдерге бөліп, сметада әр кезеңді белгілейміз. Жұмысты бригадалардың арасында олардың үйлесімді әрекеттері жұмыс процесін жылдамдататындай және орындалатын жұмыстардың сапасын жақсартатындай етіп бөлеміз.
  • Жұмыстың сапасы. Біз күн сайын Тапсырыс беруші алдында есеп беріп, онымен барлық мәліметтерді талқылаймыз. Жұмыс процесі бекітілген тұрақты фототаспаны жасаймыз.
  • Құрылыс материалдарын сатып алу. Біз құрылыс материалдарын тек тексерілген жеткізушілерден сатып аламыз. Егер Тапсырыс беруші өз қалауы бойынша құрылыс материалдарын таңдаса, біз онымен бірге жүріп, кеңес береміз.
  • Смета жасау. Көптеген компаниялар қосымша бөлшектер мен шығындарды ескермейді және есепке алмайды, бұл жұмыстың сапасыз орындалуына әкелуі мүмкін. Кез келген жобада, ең алдымен, жұмыстардың өзіндік құнын есептейміз және жұмыстарды орындауға байланысты әр түрлі тәуекелдер мен қосымша шығындарды бағалаймыз. Сметаның ең жоғары асуы-5%!